Қажылық сапар екі жыл қатарынан коронавирус пандемиясына байланысты шектеулі түрде жүріп жатыр. Биыл бұл іс-шараға тек жергілікті тұрғындар мен Сауд Арабиясында тұратын шетелдік азаматтар ғана қатыса алады.
Биыл 60 мың адам ғана парызын орындай алады. Пандемияға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 миллионға жуық мұсылман баратын. Саудия билігі маусым айында зияратқа 18-65 жас арасындағы COVID-19-ға қарсы екпені толық алған азаматтарға ғана рұқсат берілетінін жариялаған.