Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген мәйіті табылды

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген мәйіті табылды
Фото: ЖИ

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның бөлшектелген мәйіті салынған бірнеше қап табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиғаға қатысты полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлердің мәліметінше, қылмыстың мән-жайы мен оған не себеп болғаны тергеу барысында анықталады.