Екібастұзда бесінші қабаттан құлаған бір жасар бүлдіршін мүшкіл хәлде жатыр

Екібастұзда бесінші қабаттан құлаған бір жасар бүлдіршін мүшкіл хәлде жатыр
"КТК" кадры

Павлодар облысында бесінші қабаттан құлаған бір жасар бүлдіршіннің беті бері қарар емес, деп хабарлайды dalanews.kz "КТК" телеарнасына сілтеп.

Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйде терезенің алдында ойнап отырған сәби төменге қарай ауып кеткен. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Оның басы жарылып, кеудесінен жарақат алып, сүйектері сынған. Мамандар ата-аналардан баласын ашық терезе маңына қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Былтыр Павлодарда алты бала биіктен құлап қаза тапқан.

"2025 жылғы бала түсті. Бүгінде баланың жағдайы ауыр. Жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатыр. Түрлі жарақат алған", - деді Екібастұз ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Николай Мартыненко.