«Екібастұз ГРЭС-2» жөндеуге бөлінген 1 млрд теңге жемқорлардың жемсауында кеткен

Нұрлан Жұмахан 16 ақп. 2024 14:06 2591

Павлодар облысы прокуратурасы ұзақ тексерістен кейін «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ-на бөлінген мемлекеттің 1 млрд теңгесі қолды болғанын анықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz

«Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ-да жүргізілген тексеру барысында үшінші энергоблокты орнату, жылу орталығын кеңейтіп, қайта жаңартуға бөлінген қыруар қаржы қолды болған жымқыру фактілерді анықтады. Атқарылмаған жұмыс көлемі шамамен 1 млрд теңгені құраған», – делінген хабарламада.

Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (ерекше ірі көлемдегі мүлікті ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайып анықтап, келтірілген залалдың түпкілікті көлемі мен ұрлыққа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіп жатыр.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар