Екі облыста ауа райына байланысты қозғалыс шектелді

Екі облыста ауа райына байланысты қозғалыс шектелді
pixabay.com

Қазақстанның екі өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Dalanews.kz «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2025 жылғы 4 қараша сағат 20:30-дан бастап республикалық маңызы бар мына автожолдарда ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

Павлодар облысы – «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 427–587 шақырым аралығы (Кенжекөл ауылы – Абай облысының шекарасы);

Абай облысы – осы автожолдың 587–733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы)», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы 1403 call-орталығына хабарласуға болады.