Димаш Құдайберген түскен суреттің жасырын мағынасы ашылды

Dalanews 28 нау. 2017 04:33 279

Димаш Құдайбергеннің продюсері әншінің Top Chinese Music Awards марапаттау рәсіміндегі суретінің жасырын мағынасын айтып берді. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Кім байқады!? Әдейі емес бұл сурет — кездейсоқ түсірілген сурет! Басылымдарға да жария болған сурет!!! Осындай премиялардың жүзін көрдім, мықтылардың мықтысы саxнаға шығып қуанған сәтте ұтқан жүлдесін (статуэтка) сыйлығын биікке көтеретін еді… Біздің Димаштың оң қолындағы микрофоны одан да биік тұр!!! Қуанғаннан мүмкін тым философ болып кеткен шығармын, бәлкім!

Бірақ, сол қолындағы жүрек тұсындағы марапаты, оң қолындағы биікке көтерілген микрофоны болмаса келмес те еді… Алланың құдіреті дер ем бұл суретті! Бұл белгі… Қаншама қуағанымен ненің қадірі биік екенін ұмытпауымыз керек дегендей сыр кешеді бұл сурет!», — деп жазды Алпамыс Шаримов.



Айта кетсек, Димаш China Top music Awards шарасында «Азияның ең танымал әншісі» атанған еді. Шанхайда өтіп жатқан салтанатты шараның марапаттау сәтінде Димаш Құдайберген SOS d’un terrien en détresse әнін орындады. Бұл әнді Димаш I am a Singer байқауының бірінші кезеңінде орындаған тұғын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x