Freedom Inside '26

Димаш Макронға алғыс білдірді

Димаш Макронға алғыс білдірді
әлеуметтік желіден

Әнші Димаш Құдайберген Франция президенті Эмманюель Макронға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жуырда Мемлекет басшысы Францияға барды. Сапар барысында бірқатар танымал тұлға байқалды.

"Таяуда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары болды. Осы сапарда еліміздің делегациясының құрамында болғаным үшін қуаныштымын. Президент Эманнюэль Макронға шақыруы мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтамын", - деді ол. 

Сондай-ақ, ол Елисей сарайында өнер көрсеткені туралы айтты.

"Елисей сарайының қонақтарына арнап француз тілінде "SOS d’un terrien en détresse" әнін шырқап, француз достарымызға ыстық ықыласпен қазақтың "Дайдидау" халық әнін таныстырдым. Екі елдің арасындағы мәдени байланыс кеңейіп, нығая берсін!", - деп жазды әнші.