«Дикий Арманды» қамау мерзімі 2 айға ұзартылды

Dalanews 07 мау. 2022 04:01 1023

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Дикий Арман» лақап атымен танымал болған Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы 2 айға ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz.

3 маусым күні Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты.

Еске салсақ, Жұмагелдиев мына баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

– ҚК 287-бабы, 4-бөлігі («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»);


– ҚК 272-бабы, 2-бөлігі («Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу);

– ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармақшасы («Адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу»).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар