Диалог және сенім: «Қазақтелеком» серіктес компаниялармен ынтымақтастықты нығайту үшін кездесу өткізді

Dalanews 23 қыр. 2025 18:33

«Қазақтелеком» АҚ «Самұрық-Қазына» Қорының тапсырмасы аясында 18 қыркүйекте өткен кездесу нарықпен диалогты дамытуға, сатып алулардың ашықтығын арттырып, отандық тауар өндірушілердің қатысуын кеңейтуге бағытталды.

Кездесу барысында сатып алу қызметінің негізгі көрсеткіштері айтылды - 2024 жылы жылдық сатып алу жоспары 109,3 млрд теңгені құрады, оның 19,2% - ы отандық тауар өндірушілерге тиесілі болды. 2025 жылы бүгінгі жағдай бойынша сатып алу көлемі 94,5 млрд теңгеге жетті, ал отандық тауар өндірушілерден сатып алу үлесі қазірдің өзінде 26,4% құрайды, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш өсе түспек. Жыл басынан бері 1,8 млрд теңге сомасына 12 офтейк-келісімшартқа қол қойылды.

«Қазақтелеком» АҚ тауар жеткізушікомпаниялармен өзара іс-қимылдың ашық және кәсіби жүйесін құрады: онлайн - конференциялар, салалық кездесулер өткізеді, өндірушілер одақтарымен меморандумдарға қол қояды, кәсіпорындарға шығуды ұйымдастырады, бейінді жұмыс топтарын қалыптастырып, қазіргі және болашақ серіктестерменашық диалогты қолдайды», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамов.

Қатысушылар тікелей эфирде ауызша, чат арқылы және қоңырау түрінде белсене сұрақтарын қойды. Нақты жауап беріліп, қызу пікірталас, ашық әңгіме өрбіді. Бұл Компанияның отандық тауар өндірушілермен тұрақты серіктес болуға бет алғанын көрсетеді.

«Қазақтелеком» АҚ-ның тұжырымдамасы серіктестік, сенім және инновациялық тәсіл негізінде бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз қойылған міндеттерді тиімді іске асыра аламыз. Бүгін сіздермен диалогымызжемісті ынтымақтастығымызды нығайтуға жасалған кезекті қадам», – деп атап өтті«Қазақтелеком» АҚ «Телеком комплект»дирекциясының Бас директоры Мұрат Сәрсекеев.

Компания мұндай кездесулер нарықпен тұрақты қарым-қатынас орнатуға бағытталған тұрақты жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап көрсетеді. Бұл даму векторы болашақта да сақталады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар