Ділназ Ахмадиева сахнаға шығарда ішімдік ішіп темекі шегетінін мойындады

Dalanews 10 жел. 2016 09:21 849

Ділназ Ахмадиева сахнаға шықпас бұрын алкогольді ішімдік ішіп тұратынын мойындады. Мұндай қадамға әнші көңіл-күйін көтеру үшін баратын көрінеді. Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтты деп хабарлайды stan.kz сайты.

“Ішімдік көңіл-күйді көтереді. Сахнада өнер көрсетпес бұрын көңіліңді көтеру үшін алкоголь ішуге болады. Бірақ орнымен. Өйткені көп ішіп қойсаң, көрермендердің көңіл-күйін түсіріп аласың. Аз мөлшерде ішімдік ішкен жақсы. Көп мөлшерде ішсең ол күйзеліске душар етеді”, – деген әнші бір кездері ауыр депрессияны бастан өткергенін мойындады. Сол кезде алкоголь өнімдерін көп мөлшерде тұтынғанын да жасырмады.

“Өзімді жұлдыз санап кеткен сәттерім болды. Әкем бөлек, анам бөлек, мен бөлек тұрамын дедім. Отырыстар, көңілді кештер көбейіп кетті. Алайда күндердің күнінде өзіңді жаман сезінесің. Мұның күн сайын қайталана бермеуі керектігін түсінесің. Қысқасы көп ішуге болмайтынын түсіндім”, – деп атап өтті Ахмадиева.

Әнші ара-тұра темекі шегетінін де жасырмады.

Бағдарлама барысында телекөрермендердің бірі әншіден президентпен кездесуге не себепті іш киімсіз келгенін сұрады. Ахмадиева бұл жайтты жоққа шығарды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар