Freedom Inside '26

Депутат Дәулет Мұқаев желіде сынға қалды

Депутат Дәулет Мұқаев желіде сынға қалды
видео кадры

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде сынға қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Желіде Үкімет сағатында отырған депутаттың әрекеті қызу талқыға түсті.

"Жағдайы нашарлады ма әлде шаршады ма?" - деп жазылған видеода.

Депутаттың өзі бұл сынға жауап берді.

"Депутат болсаң осы ғой: отырсаң опақ, тұрсаң сопақ боласың. ...Үкімет отырысында әрең отырдым. Себебі белімде біраздан бері протрузия (L-5,S-1) бар еді. Белімнің сақинасы айналып кетті ме, грыжаға айналды ма, дәл қазіргі кезде отырсам да, жатсам да белім шыдатпай жатыр. Үкімет сағатынан соң ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға орын жоқ, тек келесі аптаға жазылдым. Уколдың күшімен үйіме қайттым", - деді ол желідегі парақшасында.