«17 наурыз күні «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығының табысталу рәсімі өтеді. Қазір қазылар алқасының алдында күрделі тапсырма тұр -өткізілген 200-ден астам шығармашылық жұмыстың арасынан үздік 12 жұмысты таңдап алу қажет, - деп жазды министр әлеуметтік желіде.
– Қазылар алқасының мүшелерін таныстырғым келеді: Мемлекет қайреткері, публицист, академик Шалахметов Ғаділбек Мінәжұлы;
Президент телерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекқожин;
Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылова;
«Қазақстан барысы» даму қоры қамқоршылық одағының төрағасы Арман Шораев;
Қоғам қайраткері, тележүргізуші, продюсер Аружан Саин;
ҚР Парламенті Сенаты төрағасының БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі Бибігүл Жексенбай;
Тележүргізуші, журналист, «Нұр Отан» партиясы баспасөз қызметінің басшысы Александр Аксютиц;
Режиссер, сценарист Лев Мариупольский;
«Қазмедиа орталығы» БК бас директоры Мейірболат Аюпов;
Сенатор Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы;
Журналист Иманғали Нұртілеу;
ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты Ирина Аронова;
Қазақстан ұлттық телерадиохабар таратушылар қауымдастығының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 7 наурыз күні «Тұмар» қазақстандық жаңа телевизиялық сыйлығына өтініштер қабылдау аяқталды. Жобаның басты мақсаты – саланы сапалы дамытуға серпін беріп, қазақстандық журналистердің шығармашылық ізденісін арттыру.