Дәулет Тұрлыханов ШҚО-дағы жағдайы төмен отбасыларға 80 тонна азық-түлік жіберді

Dalanews 16 сәу. 2020 05:10 943

Коронавирус пандемиясы кезінде  атақты палуан, еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулет Тұрлыханов, жерлестеріне қолдау білдіріп, ШҚО-ның аудандарындағы көмекке мұқтаж, аз қамтылған тұрмысы төмен отбасыларына көмек қолын созып, 80 тонна азық-түлік жіберді.

Өзгенің ауыртпашылығын жеңідету-адамдық қасиеттің ең ұлысы. Осындай қиын сәтте аты аңызға айналған балуан  Дәулет Болатұлы қолындағы барымен жерлестерімен бөлісіп, демеу болды.



Азық-түлікке толы жеті жүк көлігі Жарма, Тарбағатай, Абай, Аягөз, Көкпекті және Ұржар аудандарындағы көмекке мұқтаж, халықтың аса осал топтарына арнайы  жөнелтті.


Осы игі шараны ұйымдастырушылардың бірі Жандос Ілиясов "Дәулет Болатұлы туған өлкесіндегі жерлестерін еш ұмытпайды. Жаһанды жайлаған індет кезінде, жұмыссыз, әлеуметтік жағдайы күрт төмендеп кеткен жандарға көмегін беруі, азаматтық міндеті санайды" деп ағынан жарылды.

Иә "Біз біргеміз" акциясының аймақтарда да жүйелі жалғасын табуы, осындай жүрегі кең жомарт жандардың арқасында іске асып жатқан болар.



Қиын-қыстау кезде жұдырық болып жұмылып, бір-бірімізге қолдау көрсету аса маңызды екені сөзсіз.

Бүгінде меценаттардың қолдауымен «Біргеміз» қорына 18 миилиард 899 миллион теңге қаржы жиналды.

Сонымен қатар 7 миллиард 600 милионнан астам теңге облыстармен республикалық маңызы бар қала тұрғындарының 150 мыңнан аса осал топтарына 50 мың теңгеден берілді.

Қуаныш Рахметоллаұлы, Семей қаласы




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар