Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы С.С. Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын бітірген.
- Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданының Келес кеңшары бөлімшесінің жұмысшысы ретінде бастаған.
- 1996-1999 жылдары түрлі мекемелерде аға экономист, бас бухгалтер болып еңбек еткен.
- 2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік рәсімдердің орындалуын бақылау басқармасында жетекші бақылаушы-ревизор, бас бақылаушы- ревизор;
- 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қаржы-экономикалық бөлімі экономикалық талдау және бақылау секторының референті, консультанты, бас сарапшысы, Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімі мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі;
- 2006 жылдың тамыз айынан бастап Астана қаласы тұрғын үй департаментінің «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы;
- 2007 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің сот орындаушысы;
- 2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік департаменті директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары;
- 2010 - 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде департамент бастығы;
- 2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2013 -2015 жылдары – Шымкент қаласының әкімі;
- 2015-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
- 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде заң шығару ісіне атсалысты.
- 2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі;
- 2022-2025 жылдары – Түркістан облысының әкімі болып қызмет атқарды.
- 2025 жылы 6 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.