Freedom Inside '26

"Дариға жүрек" әні кімге арналған: Сазгер туындының шығу тарихын айтты

"Дариға жүрек" әні кімге арналған: Сазгер туындының шығу тарихын айтты
primeminister.kz. Суретте: Дариға Назарбаева

Қазақ эстрадасындағы танымал әндердің бірі – "Дариға жүрек" туындысының шығу тарихы қайтадан көпшілік назарын аударды. Бұл әннің Дариға Назарбаеваға арналғаны туралы әңгіме ел арасында көп жылдан бері айтылып келеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сазгер Бауыржан Есбаев жаңа сұхбатында осы сауалға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, "Дариға жүрек" әні 2004 жылы Дариға Назарбаеваның туған күніне орай жазылған.

Кейін бұл туындыны белгілі әнші Медеу Арынбаев орындап, ән қалың тыңдарманға кеңінен танылды. Әсерлі әуені мен есте қаларлық мәтінінің арқасында "Дариға жүрек" қазақ эстрадасындағы ең көп айтылатын хиттердің біріне айналды.

Уақыт өте келе бұл ән түрлі концерттерде, отырыстарда және мерекелік кештерде жиі орындалатын танымал шығармалардың қатарына қосылды.