⠀
Қос ғасырдың куәгері болған Гүлжазира Нұрсапарқызы 1919 жылы Катон-Қарағай ауданында дүниеге келген. Әкесі «халық жауы» деп айыпталғаннан кейін нағашы ағасы анасы мен бауырларын алып, Қытайға бет алады.
Шекараға жеткен соң оларды қалдырып, ауылдағы малын алып кетуге кетеді. Бірақ қайтып оралмайды, себебі оны да ұстап алады. Бұл хабарды естіген 15 жасар Гүлжазира 160 шақырымды артқа тастап, белуардан асқан қарды омбылай туғандарын ауылға алып келеді.
⠀
"Апайдың өткен өмірі өнегеге толы. Өмірлік серігі, соғыс ардагері, II, III дәрежелі Даңқ орденінің иегері марқұм Мамырбек ақсақалмен бірге 8 баланы өмірге әкеліп, артынан ерген бауыр-сіңілдерін өсіріп, жеткізді.
⠀
Елбасымыз «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деген еді. Көпбалалы аналар, оның ішінде Гүлжазира Нұрсапарқызы - ұлттың құндылығы.
⠀
Сізге зор денсаулық, мол бақыт, әулетіне береке-бірлік тілеймін!", – деді Даниал Ахметов.
[video width="1280" height="720" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2019/08/10000000_665033690639368_4329720382091643432_n.mp4"][/video]
⠀