Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде шыққан өртті сөндіру барысында құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың сүйегін тапты. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға 18 қаңтарда кешкі уақытта Ольшанка ауылында болған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үйді от толық шарпыған, ал шатыр опырылып түскен. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бала табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмауынан шыққан.
Қазір баланың анасымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Алдын ала дерекке сәйкес ересектер пеш жағып, қонаққа кеткен, ал бес жасар қызды үйде жалғыз қалдырып, есікті құлыптап кеткен.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
