Черногорияда екі қазақстандық ұсталды. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды. Қаскөйлер есірткі және психотроп заттарды сату; оларды тұтынуға итермелеу; ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу; лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деген күдікке ілінген.
"2024 жылы күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет дүкен ашып, есірткі және психотроп заттарды сатқаны анықталды. Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа басқаларды тартумен, сондай-ақ, заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан", - деп жазылған хабарламада.
Қазір күдіктілер Черногория аумағында қамауда.