«Бизнестің жол картасы – 2020» жобасы Алматыда сәтті іске асуда

Dalanews 17 мам. 2018 04:26 823

Таяуда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» КДҚ Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Едіге Марғұлан баяндама жасап, қаладағы шағын және орта бизнестің даму жайында айтып берді.



Едіге Марғұланың ақпаратына сүйенсек, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз  3 жылды құрайды.  Кредиттің максималды сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд.тенге.

Алматы қаласында «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидиялануда.

Сондай-ақ, субсидиялау бойынша өзгерістер енгізілгенін де айта кетуіміз керек. Айталық, 180 млн. тенгеден аспайтын несие алғысы келген кәсіпкердің өтініші 5 жұмыс күні ішінде «Даму» қоры қарастырады. Ал 180 млн. теңгеден асатын несиелер бойынша өңірлік бағдарлама координаторымен 21 жұмыс күні ішінде қарастырады.

2017 жылғы нәтиже бойынша, 148 пайыздық мөлшерлемені субсидиялау келісім-шартына қол қойылған. Сонымен қатар қала бойынша игерілген мақсатты трансферт соммасы 3,719 млн. теңгені құрап, өнеркәсіп, көлік және сауда салаларын жетекші орын шыққан.

– Кепілдеме құралы бойынша 2017 жылы Алматы қаласында 43 жоба қолдау алды, жалпы несие сомасы 2 496 млн.тенге құрайды, сонымен бірге кепілдеме сомасы 873 млн.тенге құрады. Жалпы осы жылы, 1 тоқсанының есебі бойынша Алматы қаласында 24 кепілдеме келісім-шартына қол қойылып, кепілдеме сомасы 339 млн. теңгені құрады, – деді Едіге Саулебекұлы.

«Даму Оптима» – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мақсатты тобына кірмейтіндер үшін арналған. Бұл – жоба сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары секілді салаларға несие береді.

«Даму Оптима» бағдарламасы банк алдында кепілзаты жетпейтін кәсіпкерлерге «Даму» қорының кепілдемесін пайдалана отырып несие алуға мүмкіндік береді.

Басқосуда 2016 жылы жүзеге асырыла бастаған «Даму Оптима» бағдарламасына енгізілген өзгерістер жайы да кеңінен сөз болды. Өз кезегінде «Даму» КДҚ Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Едіге Марғұлан аталған бағдарлама бойынша кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды қайта қарау, кепілдеме беру талаптары, кепілдендірудің жаңа түрлерін енгізу мен қазіргі қолданыстағы түрін дамыту бойынша нақты жұмыстар атқарылғанын алға тартты.

– Атап айтсақ, «Даму Оптима» бағдарламасы бойынша инвестициялық мақсаттағы несиенің есебінен алынған кез-келген жылжитын/жылжымайтын мүлікті бұдан былай банкке кепілдік ретінде ұсынуға болады. Бағдарламаның бұған дейінгі талабы бойынша мұндай жағдайда үшінші жақтың кепілдігі керек болып, кәсіпкердің барлық кепілзаттарының 70 пайызы тұрақты және өтімді болуы міндеттелетін еді. Енгізілген тағы бір өзгеріс – «Даму Оптима» бағдарламасына ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің де қолы жететін болғандығы. Енді олар банк алдынағы кепілзаты жеткіліксіз болған жағдайда Қордан несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдеме ала-алады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 30 млн теңгеге дейін несие беріледі, – деді жауапты тұлға.

Бизнесі жүріп тұрған кәсіпкерлер үшін непілдеме сомасы бұрынғыдай, яғни несие сомасының 50 пайызы болып қалды. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін берілетін несие сомасы – инвестициялық мақсатқа 180 млн теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға 60 млн теңгеге дейін. Бизнесі бар кәсіпкерлер жоба құнының 20 пайызын өздері шығаруы керек.

Кепілдеме «Даму Оптима» бағдарламасы бойынша 2017 жылы жоба қолдау алды, жалпы несие сомасы 584 млн.теңге кепілдеме сомасы 247,6 млн.теңгені құрайды.

Н.ӘУБӘКІР.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар