Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі апелляциялық сотқа түсті,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Соттың нақты қай күні өтетіні белгісіз.
"Ұлттық эконономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сатыдағы сотқа түсті", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, былтыр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.
Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды:
- аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
- қорлау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
13 мамырда Бишімбаев пен Байжановқа үкім шыққан болатын. Үкім бойынша Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға сотталған еді.