Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары сотта қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп сөз естіді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сотта Бишімбаевтың қорғаушылары қайғылы оқиға болған мейрамхананың вип-бөлмесін көрсетпек болған. Алайда олар сотта көрсеткен сурет 2024 жылдың 28 наурызында түсірілген болып шықты.
Мұны жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова байқап қалды.
Ал Салтанат Нүкенова 2023 жылдың 10 қарашаға қараған түні қайтыс болған. Оның үстіне бұл суреттер іс материалдарында болмай шыққан.
Судья Айжан Күлбаева ескерту жасап, Бишімбаевтың қорғау тарапы судья мен өзге де қатысушыларды шатастырғанын айтты.
Судья Бишімбаевтың қорғаушыларының бұл әрекеттерін соңғы шешім шығарар кезде ескеретінін айтты.