Атап айтқанда, 2017 жылы 11 нысан, яғни 50,7 шақырым жол мен 3 жаяу жүргіншілер өткелі жаңадан салынса, 17 нысан – 59,9 шақырым жол қайта жаңарудан өтеді. 97,6 шақырым жол мен 4 көпір (13 нысан) күрделі жөндеуден өтіп, 1147,9 шақырым жол мен 8 көпір (460 нысан) орташа жөндеуден өтетін болады. Мұнан бөлек, қазына қаржысы облыстық маңыздағы 4330,3 шақырым автомобиль жолдары мен 32 жобаны әзірлеуге (426,8 шқ.) ұқсатылмақ.
Еске салсақ, өткен 2016 жылы 305 нысан немесе 640,9 шақырым жол мен көшелер және аяқжолдардың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Таратып айтсақ, ұзындығы 30,8 шақырым жол (6 нысан) жаңадан салынса, 27,1 шақырым жол (17 нысан) қайта жаңарудан өтті. 23 нысанға (148,6 шқ.) күрделі жөндеу жұмыстары жасалса, 259 нысан (434,4 шқ.) орташа жөнделген.
Мұнан бөлек, былтыр Шымкент қаласының Қапал батыр көшесіндегі 1 теміржол өткелі мен облыс аумағындағы 17 көпір пайдалануға тапсырылған болатын.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі