Бұрынғы бас көлік прокурорына іздеу жарияланғаны расталды

Сағыныш Сардарова 03 қыр. 2025 14:50

Бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланғаны расталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Іздеуге бастамашы болған біз емес. Сіздерге құзырлы органдарға жүгіну керек. Иә, іздеу жарияланған, іздеу тізімінде бар. Біз бастамашымен бірлесіп, бұл мәселені шешеміз", – деді Ержан Сәденов Мәжіліс дәлізінде.

Бұған дейін Қазақстанда бұрынғы бас көлік прокурорына іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарады. 

Айта кетейік, Мақсат Дүйсенов 2018 жылы сол кездегі Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен бас көлік прокуроры болып тағайындалған.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар