Бүгіннен бастап Қазақстанда вейптерге тыйым салынды

Көркем Алдабергенова 20 мау. 2024 09:47 2670

Бүгін - 20 маусымнан бастап Қазақстанда вейптерге тыйым салынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді Қазақстанда вейптерге, сондай-ақ оларға қажет хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салынады. 

Вейпті рұқсат етілген жерде ғана қолдануға болады. Ал вейпті рұқсат етілмеген жерде қолданған жағдайда 3 АЕК айыппұл салынады. Биыл бұл 11 076 теңге. 

Тыйым салынған затты сатуға тырысқандарға жаза қаттырақ: 200 АЕК (738 400 теңге) немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу. 

Вейптерді әкелу және өндіру ережелерін бұзғандар үшін заң одан да қатаң шараларды көздейді: 2000 АЕК-ке (7,3 миллион теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін, ал осы саладағы жүйелі бұзушылықтар немесе қылмыстық әрекеттер үшін айыппұлдар бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру мүмкіндігімен бес мың АЕК-ке (18,4 миллион теңге) дейін ұлғайтылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар