24 наурыз Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Бейбіт, жазықсыз адамдао "Крокустағы" қанды, варварлық терактінің құрбаны болды. Дәрігерлер мен қарапайым азаматтарға теракт кезінде зардап шеккендерге көмек қолын созғаны үшін алғыс айтамын", - деді Путин.
Еске салайық, 22 наурызда Мәскеу мен Мәскеу облысындағы ең үлкен концерт залдарының бірі Крокус Сити Холлда бір топ ер адам автоматтан оқ жаудырып, кейін өрт шыққан. Салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 143-ке жетті.