Бүгін бірнеше өңірде ауа сапасы нашарлайды

Қаракөз Амантай 15 қар. 2025 08:49

«Қазгидромет» РМК Қазақстандағы ауа сапасына қатысты жаңа болжамын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылғы 15 қарашада Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелуі мүмкін.

Мұндай жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттардың жиналуына себеп болатын қысқа мерзімді метеофакторлар жиынтығы. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты құбылыстар жатады.

Соның салдарынан аталған елді мекендерде ауа сапасының нашарлауы ықтимал екені ескертіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар