Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екінші түн қатарынан Ресей шекарасы маңында ұшқышсыз аппараттарды көргенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Куәгерлердің сөзінше, дрондар БҚО-дағы "Сырым" өткізу бекеті маңында байқалған. Тұрғындар аппараттардың Ресейдің Самара облысы жағынан ұшып келгенін айтқан.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, аспанда бір мезетте шамамен 10 дрон болған болуы мүмкін.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі елдің әуе кеңістігін бұзу дерегі тіркелмегенін мәлімдеді. Ведомство жағдай тиісті қызметтердің бақылауында екенін де хабарлады.
Сондай-ақ, азаматтарға дүрбелеңге берілмей, тек ресми ақпаратқа сену ұсынылды.