Бокс федерациясына басшылыққа Рақышевтің орнына кім келді?

Сағыныш Сардарова 05 ақп. 2024 12:32 1586


Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz



"Федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды", - деп жазылған ҚБФ хабарламасында.



Айта кетейік, Рақышевтің жұбайы Әсел Тасмағамбетова - Иманғали Тасмағамбетовтың қызы.


Рақышев бұл қызметке 2019 жылы келген еді. Ол 2000 жылдардың басынан бері белді қызметтер атқарып келеді. Оның ішінде "Тұран-Әлем Банкі", "ҚазТрансГаз, БТА Банкі, "Казкоммерцбанк" секілді нысандардағы лауазымды қызметтерін айтуға болады.


Ал Қазақстан бокс федерациясының жаңа президенті Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы Казцик ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Азия-Тынық мұхиты университетінде (APU) білім алған. Кәсіпкер, "Integra Construction KZ" ЖШС иегері. Үйленген, 3 баласы бар. 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар