Өз кезегінде Сергей Лавров Ресей азаматтары заң аясында қай елде өмір сүргісі келетінін өздері шешетінін айтты.
– Біздер бауырлас елміз. Қазақстан мен Ресейдің азаматтарға қатысты қандай да бір шектеуі жоқ. Қос елдің азаматтары қай елдер өмір сүргісі келгенін өздері шешеді. Біздің елімізде азаматтардың мұндай құқықтарына мемлекеттің өзі кепіл болады, – деді.
Сонымен қатар ол Ресей мен Қазақстан билігі қос елдің азаматтары қай елде өмір сүрсе де жайлы өмір сүруіне жағдай жасауы керек екенін айтты.
Соңғы уақыттары Нұр-Сұлтан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарын рәсімдеу үшін кезекке тұрған ресейліктердің саны артқан. ҚР ІІМ соғы үш айда 10 мыңнан астам ресейлікті құжаты рәсімделіп, жеке ЖСН берілгенін алға тартты.