Freedom Inside '26

Біржан Хасанғалиевке қатысты қуанышты хабар тарады

Біржан Хасанғалиевке қатысты қуанышты хабар тарады
ашық дереккөзден

Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжіне жаңа басшы тағайындалды. Колледж директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы келді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойған.

Бүгін жаңа басшыны колледж ұжымына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы Мұхаметқали Ринат Закиұлы ресми түрде таныстырды.

Кездесу барысында ұжым мүшелері Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен құттықтап, жауапты жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ алдағы бастамаларына табыс, шығармашылық жетістік және жемісті еңбек жолын тіледі.