Бүгін бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
5 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Жетісу, Түркістан, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады.
"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы қолайсыздығын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деп жазылған хабарламада.

