18 тамызда екі орман өрті тіркелген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәліметінше, Павлодар облысында бір өрт, Катон-Қарағай МҰТП-да бір өрт тіркелген.
Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК әуе патрульдеуі барысында дер кезінде анықталған.
"Өрттерді сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК күштері мен техникасы жұмылдырылды. Қазір өрт ошақтары ауыздықталды", - деді министрлік өкілдері.