Аталған жұмыс «Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары» Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 31 шілдедегі №51-257 бекітілген шешімі негізінде жүргізіледі.
Аулауға иелері ғимараттардың жанында байлауда қалдырып кеткен иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық орындарда көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, шағын бақтарда және басқа да орындарда серуендетуші тұлғасыз жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтар жатады.
Қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюі туралы қала тұрғындарынан көптеген арыз шағымдар түсуде және бұл сұрақ қала әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесулерінде жиі көтеріледі.
Аулау тобы әрбір өтініш бойынша шығып жұмыс атқарады. Қапшағай қаласында 2019 жылы 2000 – нан астам бас қаңғыбас ит мысықтар ауланып, жойылды.
«Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлерімен қаңғыбас ит мысықтардың адамды қабуының, алдын алу және көбеиуі туралы әлеуметтік желілерді саралап, түскен арыз – шағымдарға үнемі талдау жүргізіліп отырады.