"Бэтмен" депутат кімнің сойылын соғып жүр? Берденов енді сотта жауап береді

Көркем Алдабергенова 11 мау. 2024 12:09 5051

"Қазақстан букмекерлер қауымдастығы" саланы монополияландыру және оған ӨКМ үлгісі бойынша "теспей соратын" құрылым құру идеясын ұсынған депутатты сотқа береді. Сөйтсек ол туризм және спорт министрлігімен ауыз жаласып, мейрамханасын жарнамалауға бюджет ақшасын төлейтін депутат болып шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс депутаттары 5 маусымда екінші оқылымда "Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша" заң жобасын қабылдады. Әу баста мәжілісмендер кез келген құрылымға үзілді-кесілді қарсы шықты. Құмар ойын жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев ставкаларды есепке алу орталығын "ескі Қазақстаннан" ықпалды лоббистерінің айла-амалы деп мінберден мәлімдеген.

Алайда пленарлық отырыс алдында "халық қалаулылары" өзгеріп сала берді. Заң жобасының құжаттамасына ставкаларды есепке алу орталығының орнына реттеушілік әсерді талдау сынды тиісті рәсімдерден өтпеген есепке алудың бірыңғай жүйесі туралы норма келіп түсті. Ал депутаттар бар жауапкершілікті Үкіметке арта салды. Есепке алудың бірыңғай жүйесі жай ғана ставкаларды есепке алу орталығының атауын өзгерту емес, Қазақстанның заңы мен кодексіне қайшы келсе де, бірден бірнеше саланың жүгіп арқалап, нарық ойыншыларын реттейтін қызметті иемденуді білдіреді. Туризм және спорт министрлігі букмекерлік кеңселердің функциясын атқарып қана қоймай, қаржы нарығында монополиялауға бет бұрды. Бұл ретте, Ұлттық банк ештеңе сұраған жоқ.

Букмекерлік қауымдастықтың пікірінше, заң жобасында лудомандардың саны, шаңырақтың шайқалуы, құмар ойыншының орташа қарызы және құмар ойын кесірінен жасалған қылмыс туралы ақпарат бастапқыда жаңсақ мәліметтерге негізделген. Ал мұны Парламент төрінде Руслан Берденов бір жыл бұрын айтқан еді. Бұл деректердің қате екеніне осындай статистика жүргізуге жауапты министрліктер мен ведомстволардың ресми жауаптары дәлел. Букмекерлердің айтуынша, мұндай статистика жоқ, оны Бас прокуратура да, Ұлттық банк те, тіпті Әділет министрлігі де жүргізбейді.

Бұған дейін Қазақстан букмекерлер қауымдастығы депутат Берденовтің үстінен шағым түсіріп, тіпті БҰҰ Бас Ассамблеясының адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларациясының 19-бабында көрсетілгендей жауап алып үлгерді: "Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды".

Қазір Берденовтің үстінен сотқа шағым түсті, енді оның кімнің мүддесі үшін осындай мәлімдеме жасағанын айтуына тура келеді. Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда процестік бұзушылықтармен қабылдаған заң жобасы енді Сенатқа барады. Осы орайда, Сенаторлар бірқатар қызықты фактіні ескеруі керек.

Ставкаларды есепке алу орталығын заңнан алып тастаудан басқа істі қайта қарау премьер-министр Олжас Бектеновтің ресейлік спорттық болжамды бірыңғай реттеушіні таныстырғанға дейін болған. Мұның астарында рейдерлікпен лотерея нарығын монополиялаған, букмекерлік кеңселерден үлес алған, содан кейін бүкіл қаланы уысында ұстаған (Протвино мен Пущино ғылыми қалалары тікелей Ресейдің бюджетінен қаржыландырылады) ресейлік әлдебір тұлғаның есімімен байланысты күмәнді оқиға жатыр.

Естеріңізде болса, бір ай бұрын Астанаға Халықаралық бокс федерациясының (IBA) Президенті, сондай-ақ ставкаларды есепке алу орталығының ресейлік нұсқасы – "Единый ЦУПИС" компаниясының тең иесі Умар Кремлев келген еді. Сол кезде Қазақстанға ресейлік үлгімен ставкаларды есептке алу орталығын/спорттық болжамды бірыңғай реттеуші енгізу туралы ұсыныс пайда болды.

Кремлевтің букмекерлік және лотерея қызметімен байланысы барын көзі қарақты жұрт біледі, түрлі ақпарат көзінде тараған. Ол Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустинге букмекерлік кеңселерді бақылауды бірыңғай реттеушіге тапсыруды ұсынған үндеудің авторы. Соттылығы да бар, бопсалау мен ұрып-соққаны үшін екі рет істі болған. Сонымен қатар, Халықаралық бокс қауымдастығына өзі туралы қате ақпарат берді деп те айыпталған. Шын мәнінде, Кремлев мырзаның заңға қатысты бар мәселесі өзінің бұрынғы тегі Али-Лутфуллоев болғандығымен байланысты.

Егер ставкаларды есепке алу орталығын (және оның кез келген баламасын) іске қосуға қатысты барлық фактіні біріктірсек, онда мұның толықтай жоспарланғанын және бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанын аңғаруға болады. Бәлкім, әңгіменің бір ұшығы МТС, Берденов, Кремль сынды "реттеушілерде" жатса керек. 

Кеше ғана Қазақстан президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған Қуанышбек Есекеевтің бұған қандай қатысы барын, сондай-ақ оның туыстарының ресейлік рейдермен қандай іскерлік байланысы бар екені дәл қазір беймәлім. Әзірге, букмекерлік кеңсе өкілдерінің Есекеевпен ставкаларды есепке алу орталығын қосуды талқылау үшін кездесуге шақырылғаны белгілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар