Берік Әбдіғалиұлы ұлт дамуының басты тетігін атады

Берік Әбдіғалиұлы ұлт дамуының басты тетігін атады
Фото: Qazaqstan телеарнасы

ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы жаңа дәуірдегі ұлттың жасампаздағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Жасампаздықтықты идеология немесе ұстаным деп бөліп қарауға болмайды. Жасампаздық – біздің идеологиямыз да, ұлттық ұстанымымыз да. Оны ұлт ретінде дамуымызға, жаңа қасиеттерімізді қалыптастыруға мүмкіндік беретін құндылық, тетік, жол ретінде қарастыру керек. Ол тек – жай ғана ұран емес, тәрбие жұмысының бір бөлігі. Мемлекеттік идеология арқылы да әр адамға ұлттың жасампаздығын көрсетіп, түсіндіру керек", - дейді спикер.