Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы Қонаевтан бастау алды

Dalanews 26 қаң. 2024 13:13 2793


Бүгін Алматы облысының орталығы Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде жазушы, қазақ әдебиетінің классигі, балалар әдебиетінің бәйтерегі – Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеш шымылдығы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтау сөзімен ашылды.  Өз сөзінде Марат Елеусізұлы, қазақ руханиятына өшпес мұра қалдырған жерлесімізді әлем мойындап, мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланатынын, сонымен қатар қаламгердің туған жері Райымбек ауданының орталығы – Нарынқол ауылындағы Бердібек Соқпақбаевтың аты берілетін саябақта жазушының еңселі ескерткіші бой көтеріп, облыс аумағындағы бірқатар нысандар мен көшелерге аты берілетінін айтты.

Өңір басшысының құттықтау-баяндамасынан кейін жазушының қызы Самал Соқпақбаева, және кеш қонақтары ҚР Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, ақын-драматург, мемлекет және қоғам қайраткері  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин, Қазақ баспасөзінің айтулы ақсақалдарының бірі, өткір публицист, Қазақстан жазушылар одағы деректі проза кеңесінің төрағасы, профессор-академик, белгілі журналист Марат Тоқашбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ақын ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан ықыласты құттықтауларын жеткізді.
Кештің модератор-жүргізушісі болған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Бекжан Тұрыс. Кеш қонақтараның ішінде «Менің атым Қожа» филіміндегі Қожаның рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаевта айтулы кештің құрметті мейманы болды. Салтанатты іс-шараның ресми бөлімінен соң қаламгердің рухына тағзым жасау үшін арнайы келген Қазақстанға танымал эстрада әншілері  Мейрамбек Бесбаев, Мадина Садуақасова, «Қоңыр» тобы, «Жігіттер» тобы, сонымен қатар танымал опера әншісі Есеңгелді Ырза, дәстүрлі әнші Құрметжан Ербақ, «Сенім» балалар хорының әндерімен көпшіліктің көңілі тербеті. Кеш соңы талантты актерлік құрамның қойылымдарымен аяқталды.  



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар