Бектеновтің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Қаракөз Амантай 27 ақп. 2024 14:59 2838

Диляра Аленова ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 27 ақпанда үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, "Қазконтент" АҚ-да, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

"Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі" КММ басшысы, Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар