Бектенов Қазақстанда логопедтер мен сурдологтар жетпей жатқанын сынады

Сағыныш Сардарова 21 сәу. 2026 11:58

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысын өткізді, онда инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елде логопед, сурдолог, реабилитологтар жетіспей жатқаны айтылды.

"Психологиялық-медициналық педагогикалық комиссия мұқтаж балаларды түгел кешенді тексерістен өткізіп үлгере алмай жатыр. Кезек бірнеше айға дейін созылып кетеді. Арнайы мамандар, яғни логопедтер, сурдологтар, реабилитологтар жетіспейді. Педагогтерде ерекше балалармен және ересектермен жұмыс істеу дағдысы толық қалыптаспаған. Мысалы мұғалімдердің барлығы бірдей ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен қалай тиімді қарым-қатынас орнату керек екенін біле қоймайды. Оны азаматтардың өтінішінен байқауға болады", - деді Олжас Бектенов.

Ол Оқу-ағарту министрлігіне мынадай тапсырмалар берді:

  • ерекше балалармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге арналған оқыту курстарын тұрақты өткізу қажет.
  • 1 қыркүйекке дейін инклюзивті білім берудің, кадрлармен қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove