Бектенов Алматы облысының әкімін сынға алды

Бектенов Алматы облысының әкімін сынға алды
ortcom.kz

Үкімет отырысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде электр, жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жобалары жүзеге асып жатқанын баяндады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әкімнің айтуынша, бірқатар жоба қазірдің өзінде іске асырыла бастаған. Алайда кейбір жұмыстар мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұзаққа созылуы және өзге де себептерге байланысты кешігіп жатыр.

Баяндамадан кейін Премьер-министр Олжас Бектенов өңір басшысының түсіндірмесіне көңілі толмай, оған жұмысты жеделдетуді тапсырды.

«Сізді тыңдасақ, сізден басқа бәрі кінәлі. Жұмысты жеделдетіңіз», – деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бұл пікір Үкіметтің кезекті отырысында айтылды. Онда еліміздегі инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары талқыланды.