Мессенджерлер арқылы коронавирустың таралу қаупіне байланысты мектептерде карантин енгізу туралы қауесет тарап жатыр. Осыған байланысты балалар демалысқа ертерек жіберілетіні де онда айтылған.
Санитарлық қызмет карантин енгізу туралы нұсқаулар берген жоқ. Тиісінше, әзірге мектеп демалысы туралы мәселе туындаған жоқ, - деді Бекшин.