Б.Байбек жастарды өз бизнесін ашуға шақырды
«Бізге жастарымыздың білім ала отырып, тек ұлттық компанияға немесе мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуы туралы ойлары емес, сонымен бірге, өз ісін қалай ашамын деп ойланғандары маңызды. Кішкентай болсын, бірақ өзінікі», - деді Бауыржан Байбек.
Сонымен бірге, ол: «Біздің елдің көркеюі мен әл-ауқатының артуы шағын және орта бизнестің дамуынсыз мүмкін емес», - деп қосты.
«Мемлекет сонша көп жұмыс орнын құра алмайды, сол себепті шағын және орта бизнеске қолдау білдіру керек. Ол берік орта тапты қалыптастыруға әсер етеді», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.