Байбек орнатқан алып тиін алынып тастайтын болды

Байбек орнатқан алып тиін алынып тастайтын болды
Алматыдағы алып тиін Атакент аумағына көшірілмек. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтай Рахымбетовтың айтуынша, басқа жерге ауыстыру жұмыстары наурыз айында басталады.

– Арт нысанға қатысты тұрғындардың пікірі екі бөлінген. Бірі құптасы, енді бірі қарсы. Қоғамдық пікірді ескере отырып, мүсінді толық бұзбаймыз деп шештік. Бірақ «Атакент» аумағына көшіріледі деген шешім қабылданды, – деді аудан әкімі. Бұған дейін, әкімдік алып тиін бұзылады деп хабарлаған еді.