Моңғолияның Баян-Өлгейлік дәрігерлері мотоциклмен жол апатына түскен тұрғынды аман алып қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Баян-Өлкелік дәрігерлер мотоцикл авариясынан ауыр жарақат алған тұрғынды құтқарып қалды.
32 жастағы азаматтың миы, кеудесі және іші жабық түрде жарақаттанған. Алыс қашықтықтан орталыққа әкелуге үлгермейтініне байланысты дәрігерлер үйде күрделі операция жасап, азаматты құтқарып қалған екен.
Айта кетейік, Баян-Өлгей қазақтары қазақ тілін ана тілі ретінде қолданады. Мектептерде қазақ тілінде білім беріледі, сонымен қатар моңғол тілі де оқытылады.Ондағы қазақтар дәстүрлі мәдениетті, соның ішінде қолөнер, киіз үй, аңшылық, салт-дәстүрлерді сақтаған.
Әсіресе бүркітпен аң аулау – аймақтың ең танымал ерекшелігі. Жыл сайын “Бүркітшілер фестивалі” өткізіледі, ол шетелдік туристерді де қызықтырады.Ислам дінін ұстанады. Мешіттер мен діни оқу орындары жұмыс істейді.
Қазақстан мен Баян-Өлгей қазақтары арасында тығыз тарихи және мәдени байланыс бар. Қазақстан үкіметі мен қоғамдық ұйымдары бұл өңірге оқулықтар, гранттар, түрлі көмек түрлерін ұсынып келеді. Қазақстандағы жоғары оқу орындарына жыл сайын баян-өлгейлік жастар оқуға келеді (мемлекеттік грант немесе қандас бағдарламасы бойынша).
Кейбір отбасылар Қазақстанға қоныс аударып, азаматтық алған.