Батыс Алтай қорығында қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды

Батыс Алтай қорығында қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды
видео кадры

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзақ қоңыр аюды түсіріп алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мамандардың айтуынша, жабайы жануарлар адамды алыстан сезіп, көзге түспей кетуге тырысады. Сондықтан олардың табиғи ортадағы тіршілігін бақылауда фототұзақтардың маңызы зор. Бұл жолы орман ішіне орнатылған құрылғының объективіне қоңыр аю ілінді.

Фототұзақтар тәулік бойы жұмыс істеп, жануарларды мазаламай-ақ олардың мінез-құлқы мен тіршілік ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай кадрлар сирек кездесетін аңдар туралы ғылыми деректер жинауға көмектеседі.

Қорық қызметкерлерінің мәліметінше, түсірілген бейне Батыс Алтайдың жабайы табиғатындағы тіршіліктің тағы бір ерекше сәтін көрсетеді.

Бұл кадрлар өңірдегі жануарлар дүниесінің бай екенін және табиғи экожүйенің сақталып отырғанын айғақтайды.