Бас прокуратураның жанында өзін өртеп жіберген Майра Рысмановаға қан керек

Dalanews 11 жел. 2016 16:58 840

Қатты күйіп қалған әйелдің туыстары қазақстандықтардан көмек сұрады. Майра Рысмановаға шұғыл қан керек. Бұл туралы Informburo.kz порталына оның қызы Ақмарал Ахманова айтты, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Біз болған жайттан кейін дереу журналистерден қан керек екенін хабарлауды өтіндік. Неге екенін қайдам, бұл туралы ешкім эфирден айтқан жоқ. Анам хал үстінде жатыр, ұйқыдан тұрмады. Дәрігерлер әзірге ешқандай болжам айтпай отыр», - дейді Ақмарал Ахманова.

Майра Рысмановаға қан тапсырғысы келетіндер Керей және Жәнібек хандар көшесі, 10 мекенжайында орналасқан Астана қаласының Қан орталығына жүгінуі керек. Өзімен бірге жеке куәлігін алып барса жеткілікті.

Естеріңізге салайық, оқыс оқиға 6 желтоқсан күні №2 бақылау-өткізу пунктінің жанында болды. Ашынған әйел өзін-өзі өртеп жіберді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар