Бас прокуратура Мәнізоров қатысты «алаяқтық» бойынша іс қозғалғанын растады

Dalanews 30 мау. 2022 03:37 757

Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты жаңа қылмыстық іс туралы ақпаратты растады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратура баспасөз қызметі мәліметінше, прокуратура Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкіміне қатысты соталды тергеуді тіркемеген.

«2022 жылдың 13 мамырынан бастап Алматы қаласы бойынша Полиция департаментінде М.А.-ның арызы бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы «Алаяқтық» бойынша Б.Мәнізоровтың әрекетіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бар» деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері телефон арқылы.

2020 жылы ақпанда Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар