Балтабек Нұрғалиев: "Назарбаевты мақтау? Бұл биліктің тапсырысы емес" (видео)

Dalanews 27 сәу. 2018 04:57 1735

«Уа, Нұр-Атам – Құдайым, Сізден басқа жоқ Құдай!» Бұл ақын Балтабек Нұрғалиевтің «Жұмақ-есті Жаратқан» өлеңінен үзінді.

Соңғы кезде әлеуметтік желіге президент пен оның отбасына қатысты отты өлең жолдарын жиі жариялайтын ақын қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Балтабек Нұрғалиев кім? Оның мемлекет басшысына арналған тағы қандай өлеңдері бар?

«Уа, Нұр-Атам – Құдайым, Сізден басқа жоқ Құдай!» Бұл ақын Балтабек Нұрғалиевтің «Жұмақ-есті Жаратқан» өлең...


Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде дәріс беретін Балтабек Нұрғалиев ақындығының арқасында 2012 жылы Халықаралық Шабыт  фестивалінде «Үздік әдеби шығарма» номинациясының гран-приін иеленген. Балтабек бала күнінен елбасыға арнап өлең жазып келеді екен. Оның мемлекет басшысына деген құрметі ерекше.

БАЛТАБЕК НҰРҒАЛИЕВ, ақын:

– Менің түсінігімде құдайы, жаратушы иесі және жасампаз жаратқаны!

Қазақстан демократиялық бағытты ұстанған мемлекет болса да, Балтабек Нұрғалиев елімізде монархиялық билік орнағанын армандайды екен.

БАЛТАБЕК НҰРҒАЛИЕВ, ақын:

– Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің дейді. Сол тектілік тұрғысынан келгенде мен Қазақстанды Назарбаевтар династиясы билегенін қалаймын.

Ал, әлеуметтік желіде Балтабектің бұл өлеңдері тек пиар бағытта, атағын аспандатып, мансабын көтеру үшін жазылған деп жазғырып жатқандар жоқ емес.

Жоғарыдағылардың тапсырысы болуы мүмкін деп топшылайтындар да бар. Ол аздай ақынға аса жағымпаздана берме деп қорқытып үркітетіндер де көбейіп кеткен екен.
 БАЛТАБЕК НҰРҒАЛИЕВ, ақын:

– Ешқандай да тапсырыс емес. Әсіресе билік тарапынан тапсырыс емес.

Алайда мемлекет басшысы өз есімін аспандатып жағымпазданатындарға мақтаудың да шегі бар деп талай рет шегелеп айтып, қарсылық білдірген еді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Много лестных слов в мой адрес. Я имею такой опыт, такой возраст. Меня этим тронуть, конечно, невозможно.
Ал заманауи жырау атанып кеткен, ату шылы Жан Ахмадиевтің жанына Балтабектің өлеңдері қатты батып жүрген сыңайлы.

Ол президентті құдайға теңеген Балтабек, ақындардың атына кір келтіріп жүр дейді. Ашынған Жан Балтабекке рэп шығарып үлгеріпті.

ЖАН АХМАДИЕВ, заманауи жырау:

– Тыңда мені ақынсымақ арқадағы жауырын. Өлең жазсаң, жазсаңшы сен тәуірін. Білесің бе?! Адасумен сандалумен өтіп жатыр дәуірің. Есте болсын пенде емес, Алла сенің Тәңірің.

Десе де Балтабек  Нұрғалиев қазақты құрдымнан құтқарған президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнап жыр жазу өзінің азаматтық һәм ақындық борышы деп біледі.

Дереккөз: 31 арна

[video width="640" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2018/04/videoplayback-1.mp4"][/video]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар