Балқашта жүк пойызы 34 жастағы ер адамды қағып кетті

Балқашта жүк пойызы 34 жастағы ер адамды қағып кетті
Фото: Криминальный Казахстан

Балқаш қаласына кіреберістегі көпір астында жүк пойызы 34 жастағы ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Көлік полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.