Балқаш ЖЭО экологияны бұзғаны үшін 21 млн теңге айыппұл төледі

Қаракөз Амантай 23 қаң. 2026 14:20

"Kazakhmys Energy" ЖШС-не тиесілі Балқаш жылу электр орталығы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін шамамен 21 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның арнайы рұқсатсыз күл аралас ағынды суларды төгу үшін авариялық тоғанды заңсыз пайдаланғаны белгілі болды.

Сонымен қатар экологтар Балқаш көліне бағытталған су арналарының зақымданғанын, сондай-ақ қорғаныш қоршаулардың жоғын тіркеген.

Кәсіпорынға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде міндетті нұсқамалар берілді. Айыппұл толық көлемде төленген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove