БАӘ нарығында қазақстандық тауарларға сұраныс артты

Қаракөз Амантай 20 жел. 2024 11:51 457

Сауда министрі Арман Шаққалиев Біріккен Араб Әмірліктерімен сауда байланыстарын нығайту және қазақстандық өнімдерді экспорттау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, 2024 жылдың алғашқы 10 айында қой етінің экспорты 13,3 мың тоннаға жетіп, жалпы құны 45,3 млн долларды құрады.

“Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе өсіп, экспорттан түскен табыс 64%-ға артты”, — деді министр.

Сонымен қатар Қазақстан халал сертификатын алуда қарқынды жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда 1800-ден астам отандық компания сертификаттаудан өткен.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазақстандық тауарларды БАӘ-нің LuLu және Grandiose сынды ірі сауда желілеріне шығару мәселелері талқыланды. Дегустация барысында қазақстандық өнімдер жоғары бағасын алды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар